III Жасөспірімдер Азия ойындарында Қазақстанның жасөспірімдер қыздар құрама командасының қола жүлдесі құтты болсын!!

📍 Бахрейн | 2025 жылғы 20–31 қазан
Біздің спортшы қыздар халықаралық аренада Ел намысын абыроймен қорғап, жоғары деңгейдегі дайындықты, командалық бірлікті және жеңіске деген жігерді көрсетті.
Әр ойын – олардың еңбегі мен ерік-жігері, сенімі мен кәсібилігінің айғағы болды.
📊 Команданың нәтижесі:
3 орын — қола жүлде!
Қазақстанның жасөспірімдерг қыздар құрама командасы Азия ойындарында үздік үштікке еніп, тек Иран (1 орын) және Қытай (2 орын) құрамаларына ғана жол берді.
Бұл жетістік – Қазақстандық гандбол спорт федерациялары қауымдастығының, Туризм және спорт министрлігінің, Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің, Ұлттық Олимпиада комитетінің, сондай-ақ Ақтөбе, Павлодар, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Алматы облыстары мен Астана және Шымкент қалаларының спорт басқармаларының үйлесімді жұмысы, өңірлік гандбол федерациялары мен клубтарының белсенді қолдауының нәтижесі
Жасөспірімдер құрама командасын қалыптастыруға және Азия ойындарына қатысуына қолдау көрсеткен барлық серіктестерге ризашылығымызды білдіреміз.
Арнайы алғысымызды спортшыларды халықаралық деңгейге дайындаған жеке бапкерлер мен ата-аналарға айтамыз.
Сіздердің еңбектеріңіз, шыдамдылықтарыңыз және сенімдеріңіз – осы жеңістің берік іргетасы. 👏
Бұл жетістік – бүкіл гандбол қауымдастығының ортақ еңбегінің жемісі!
Спортшылар, бапкерлер, ата-аналар, өңірлік федерация өкілдері және спорттық ұйымдар — әрқайсыңызға еңбегіңіз бен жанқиярлықтарыңыз үшін алғыс айтамыз.
Сіздердің қолдауларыңыздың арқасында Қазақстан құрама командасы ел намысын асқақтатып, отандық гандболдың беделін арттырды! 🇰🇿
🎉 Барлық спортшыларды, бапкерлерді және гандбол қауымдастығын осы маңызды жетістікпен шын жүректен құттықтаймыз!
Қола жүлде – жаңа жеңістер мен биік мақсаттарға бастайтын жолдың бастауы болсын! 💪

Серіктес – «Sport Qory» спортты қолдау қоры.

Келесі жазба
🇰🇿 Ел мақтанышы – біздің спортшыларымыз елге оралды!
Алдыңғы жазба
🏆 Қазақстан Республикасының ерлер командалары арасындағы гандболдан Суперлига чемпионатының 3-қорытынды туры аяқталды!