Қазақстан жасөспірімдер құрамасы 3rd Asian Youth Games жарысында алғашқы ойындарын өткізді! ⚡

Команда алғашқы кездесулерде барлық күш-жігерін салды, әр допты күрделі жағдайда ойнауға тырысып, тәжірибе жинақтады.
📅 1-ші ойын күні
Кувейт 42 : 26 Қазақстан
📅 2-ші ойын күні
Біріккен Араб Әмірліктері 35 : 27 Қазақстан
Алғашқы екі ойында қарсыластардың жоғары деңгейдегі дайындығына қарамастан, біздің спортшылар ойын тактикасын жетілдіріп, командалық бірлігін көрсетті. Әрбір матч олардың тәжірибесін арттырып, тактикалық және техникалық дағдыларын нығайтуға мүмкіндік берді.
Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Азия аренасында өз орнын нығайтуда. Команда келесі кездесулерге дайындалып, әр ойында бар күш-жігерін көрсетуге ниет білдіруде.
Спортшыларымызға сенеміз және болашақтағы жеңістерін асыға күтеміз! 🇰🇿💪🔥

📸 Сали Сабиров, Арлан Олжабай

Спортты қолдау қоры Sport Qory — серіктес

Келесі жазба
Құрметті отандастар!
Алдыңғы жазба
Қазақстанның жасөсіпірімдер қыздар құрамасы Бахрейндегі жасөспірімдер Азиаттық ойындарының екінші матчында жеңіске жетті!