Беларусьтегі оқу-жаттығу жиыны аясында өткен жолдастық матчтар

Қазақстанның әйелдер құрамасы 12–22 қазан аралығында Беларусь елінің Ушачи қаласында өтетін оқу-жаттығу жиынын жалғастыруда. Бұл жиын — 26 қараша мен 14 желтоқсан аралығында Германияның Трир қаласында өтетін әлем чемпионатына дайындықтың маңызды кезеңдерінің бірі.
16 қазанда ұлттық құрамамыз БНТУ-БЕЛАЗ-РГУОР клубтық командасымен жолдастық кездесу өткізіп, жоғары деңгейде ойын тәжірибесін жетілдірді.
17–18 қазан күндері Қазақстан құрамасы Беларусь ұлттық құрамасына қарсы екі жолдастық матч өткізді.
Бұл ойындар командаға тактикалық байланыстарды шыңдауға, ойын ырғағын сезінуге және әлемдік додаға дайындықты күшейтуге зор мүмкіндік берді.
🙏 Беларусь тарабына жылы қабылдауы, тамаша жағдай жасағаны және жоғары деңгейдегі ойын тәжірибесін ұсынғаны үшін алғыс білдіреміз. Мұндай кездесулер — әлем чемпионатына дайындықтың ажырамас бөлігі.
Қазақстан құрамасы максималды дайындыққа нық сеніммен қадам жасауда!

Серіктес – «Sport Qory» спортты қолдау қоры.

Келесі жазба
Қазақстанның жасөсіпірімдер қыздар құрамасы Бахрейндегі жасөспірімдер Азиаттық ойындарының екінші матчында жеңіске жетті!
Алдыңғы жазба
Қазақстан және Беларусь құрамаларының бас бапкерлері — УТС барысы мен жолдастық матчтар туралы 🔥