Қазақстан әйелдер ұлттық құрамасы Беларусь елінде оқу-жаттығу жиынын өткізуде!

📍 12–22 қазан аралығында Беларусь елінің Ушачи қаласында Қазақстанның әйелдер ұлттық құрамасы оқу-жаттығу жиынын өткізуде.

Команда 26 қараша мен 14 желтоқсан аралығында Германияның Трир қаласында өтетін әлемчемпионатына белсенді дайындық үстінде. Беларусь тарапы дайындық пен жоғары деңгейдегі жолдастық кездесулер өткізуге тамаша жағдай жасап отыр.

Кеше Қазақстан құрамасы БНТУ-БЕЛАЗ-РҒУОР командасымен жолдастық кездесу өткізіп, 36:26 (17:12) есебімен жеңіске жетті. Ал 17–18 қазан күндері құрамамыз Беларусь құрамасымен екі жолдастық матч өткізеді.

Жаттығулар жоғары қарқында өтуде: жылдамдық, өзара әрекеттесу және тактикалық үйлесімділік бастыназарда. Спортшылар жеңіске деген жігер мен бірліктікөрсетіп, алда өтетін халықаралық жарыстарға сенімді қадам жасауда.

Серіктес – «Sport Qory» спортты қолдау қоры.

Келесі жазба
Қазақстан және Беларусь құрамаларының бас бапкерлері — УТС барысы мен жолдастық матчтар туралы 🔥
Алдыңғы жазба
Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Азия ойындарына дайындықты бастады