Құрметті өңірлік спорт басқармаларының басшылары, облыстық гандбол федерацияларының өкілдері, жаттықтырушылар, ата-аналар және жасөспірімдер құрамасының дамуына күш пен жанын салған барлық жанашыр қауым!
Сіздерді 18 жасқа дейінгі қыздар арасындағы 11-Азия чемпионатының қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының 2026 жылғы Әлем чемпионатына жолдама алуымен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл үлкен жетістік — Ақтөбе, Қызылорда, Павлодар, Қостанай облыстары мен Шымкент қаласының спорт басқармаларының кәсіби әрі үйлесімді жұмысының, сондай-ақ өңірлік гандбол федерацияларының қолдауының нәтижесі.
Спортшыларды халықаралық аренаға сапалы дайындаған жеке жаттықтырушыларға айрықша алғысымды білдіремін. Сіздің еңбегіңіз, сабырлылығыңыз және педагогикалық шеберлігіңіз – осы жетістіктің негізі.
Сондай-ақ, жас спортшылардың ата-аналарына зор ризашылығымды білдіремін. Сіздердің сенімдеріңіз, қолдауларыңыз және қызыңыздың спорттағы өміріне белсенді қатысулары — бұл істе баға жетпес үлес.
Оқу-жаттығу жиындарын және Цзинганшань қаласындағы (Қытай Халық Республикасы) Азия чемпионатына сапарды ұйымдастыру мен қаржыландыруға атсалысқан барша жандарға ерекше алғысымды білдіремін.
Алда — жаңа белестер мен жарқын жетістіктер!
Ізгі тілекпен,
Гульнара Исмагұлқызы
Қазақстан гандбол спорт федерациялары қауымдастығының президенті