Бірінші күн — бірінші жеңіс!

Бүгін жасөспірім қыздар арасындағы Азия чемпионатының алғашқы ойын күні өз мәресіне жетті.
Қазақстан құрамасы Chinese Taipei командасымен кездесіп, 31:24 есебімен жеңіске жетті.
Қыздарымыз алғашқы ойында жақсы ойын өрнегін көрсетіп, өз әлеуетін дәлелдей білді.
Бұл жеңіс — жарысты сенімді бастауға берілген мүмкіндік.
Келесі матч ертең, 19 шілде күні, сағат 15:00-де (ҚХР уақытымен 18:00) өтеді.
Қазақстан құрамасы Қытай командасымен кездеседі.
Қыздарымызға алдағы ойында сәттілік тілейміз.
Матчтар кестесі мен тікелей трансляция сілтемесі — сайтта жарияланады. Жаңалықтардан қалыс қалмаңыздар

Келесі жазба
Ойынның үздік ойыншысы — Кыргызбай Нурдана
Алдыңғы жазба
2006 жылы және одан кейінгі жылы туған жасөспірімдер командалары арасындағы ҚР чемпионатының үшінші күні: жарқын ойындар мен қызу бәсеке