12–18 шілде аралығында бүкіл әлемде миллиондаған жанкүйерлер сүйетін спорт түріне арналған іс-шаралар өтуде — бұл гандбол апталығы!
Осыған орай Қазақстандық Гандбол Спорт Федерациялары Ассоциациясы біздің инстаграмм парақшамызда онлайн эстафетаны бастайды және баршаңызды қатысуға шақырады!
Қысқа видео түсір:
* доп лақтырған сәт
* жаттығу кадры
* гол соғып қуану
* допты келесі қатысушыға беру
Ең бастысы — креатив көрсетіп, гандболға деген махаббатыңды жеткіз!
@kaz_handball_association аккаунтын белгілеп, мына хэштегтерді қосуды ұмытпа:
#InternationalHandballWeek #гандбол2025 #қазақстангандболы
Үздік видеолар біздің парақшамызда жарияланады!
Гандбол — бұл тек спорт емес, бұл бірлік, жігер және шабыт!