Қазақстандық Гандбол Спорт Федерациялары Ассоциациясының вице-президенті Садық Шонмұрынович пен атқарушы директоры Елдос Нұрланович
ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Есеналин Руслан Бахытұлымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында келесі негізгі бағыттар талқыланды:
* спорттық резервті даярлау
* жастар және жасөспірімдер құрамаларын Азия және әлем чемпионаттарына дайындау мен қаржыландыру
* гандбол бөлімдерін Республикалық спорт интернаты мен Олимпиадалық даярлау орталығында ашу мүмкіндігі
Комитет көтерілген бастамаларды қолдады.
Жуырда Қазақстандық Гандбол Спорт Федерациялары Ассоциациясының президенті Турлыханова Гулнара Исмагуловнамен ұсыныстарды жүзеге асыру бойынша арнайы кездесу өткізу жоспарлануда.