Гандболдан ерлер арасындағы XXXIII Қазақстан чемпионатының Суперлига мен Жоғары лигадағы алғашқы турлары бастау алды!

📍Шымкент қаласы
📅 2025 жылғы 1–7 шілде
Командалар турнирлік кестедегі маңызды ұпайлар үшін тартысқа түсті. Жарыстар жоғары қарқында өтіп, спортшылар өздерінің кәсіби шеберліктерін, дайындық деңгейін толық көрсетуде.
Супер лига командалары:
• Ақтөбе облысы – ГК «Актобе»
• Шымкент – КИВС «Шымкент»
• Түркістан облысы – «Тұран»
• Қарағанды облысы – «Қарағанды»
Жоғарғы лига командалары:
• Шымкент – КИВС «Шымкент»
• Түркістан облысы – «Тұран»
• Алматы облысы – «ALATAU CHAMPIONS»
• Павлодар облысы – СДЮШОР №2
• Астана қаласы – ГК «Астана»
🏅 Алғашқы ойын күндерінің үздік ойыншылары:
• Якубович Никита – «Тұран» – «Актобе»
• Базарбек Бекарыс – КИВС «Шымкент» – СДЮШОР №2 Павлодар
• Оксикбаев Аскан – КИВС «Шымкент» – «Қарағанды»
• Надырбеков Давлат – «Тұран» – СДЮШОР №2 Павлодар
📌 Төмендегі сілтеме арқылы матчтардың кестесімен таныса аласыз ⬇️
Супер лига матчтарының кестесі
Жоғары лига матчтарының кестесі
Қазақстан Республикасы гандбол спорт федерацияларының қауымдастығы барлық жанкүйерлерді бірге болуға, жарыстарды бақылап, өз командасын қолдап, шабыт алуға шақырады!

Келесі жазба
Павлодар қаласында 2012 жылы туған және одан кіші қыздар арасында гандболдан Қазақстан Республикасының чемпионаты басталды
Алдыңғы жазба
Қазақстан Республикасы әйелдер командалары арасындағы гандболдан XXXIII чемпионатының Суперлигадағы II туры мен Жоғарғы лигадағы I турының қорытындысы