Аттестатталған төрешілер мен жаттықтырушылар тізімі

Қазақстан гандбол спорт федерациялары ассоциациясы 2025 жылы кәсіби қызметті жүзеге асыруға рұқсат алған, аттестациядан сәтті өткен төрешілер мен жаттықтырушылардың ресми тізімінің жарияланғаны туралы хабарлайды.
Өткізілген рәсімнің қорытындысы бойынша тізімге енгізілген мамандар белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін растады. Барлық аттестатталған мамандарға аты-жөні көрсетілген жеке куәлік беріледі. Куәліктерді табыстау рәсімі ағымдағы жарыстар аясында өтеді.
Аттестатталған төрешілер мен жаттықтырушылардың толық тізімі төмендегі сілтемелерде орналастырылған:
Аттестатталған төрешілер тізімі
Аттестатталған жаттықтырушылар тізімі
Келесі аттестациялау іс-шарасы 2025 жылғы 16 қыркүйекте өткізіледі.
Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда мына электрондық пошта арқылы хабарласуыңызды сұраймыз: info@kz-handball.kz

Келесі жазба
Қазақстан Республикасы әйелдер командалары арасындағы гандболдан XXXIII чемпионатының Суперлигадағы II туры мен Жоғарғы лигадағы I турының қорытындысы
Алдыңғы жазба
КҮННІҢ ҮЗДІК ОЙЫНШЫЛАРЫ