Көркем гимнастикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатындағы жарқын жеңісімен!
2025 жылғы 22 маусымда Болгарияның София қаласында жас қазақстандық гимнасшы Акмарал Ерекешева доп және лента жаттығуларында жоғары шеберлігін көрсетіп, 2 алтын және шеңбер жаттығуында 1 күміс медаль жеңіп алды.
Бұл жеңіс — оның таланты мен табандылығының, өз-өзіне деген сенімінің, сондай-ақ Қазақстандағы спортты қолдау жүйесінің, бапкерлер мен мамандардың үйлесімді еңбегінің нәтижесі.
Акмаралдың спорттық жолының басталу алаңы болған Астана қаласы — ерекше мақтаныш. Дәл осы қалада ол кәсіби спорттағы алғашқы қадамдарын жасап, халықаралық табыстарға берік негіз қалады.
Туризм және спорт министрлігін, Ұлттық Олимпиадалық комитетті, Қазақстан көркем гимнастика федерациясын және оның президенті — Әлия Юсупованы жас таланттарды дамыту жолындағы сүйіспеншілігі үшін шын жүректен құттықтаймыз.
Қазақстандық гандбол спорт федерациялары қауымдастығы Акмарал Ерекешеваны, оның бапкерлерін және осы тарихи жеңіске үлес қосқан барлық жанды шын жүректен құттықтайды!
Бұл жеңіс еліміздегі барлық спорт түрлеріне шабыт берсін!
Кішкентай Қарлығаш — ел спорт шежіресіндегі жаңа үлгі!
Жаңа жарқын жетістіктер мен мықты денсаулық тілейміз!
#АкмаралЕрекешева #ӘлемЧемпионы #ҚазақстанМақтанышы #КөркемГимнастика #Астана #KazSport #KazHandball #ОлимпиадалықРух