Халықаралық Олимпиада күнімен құттықтаймыз!

Бүгін — бүкіл әлемде спорт, бейбітшілік пен бірліктің мерекесі атап өтіледі.
Халықаралық Олимпиада күні — олимпиадалық құндылықтарға: құрмет, достық, әділ ойын және шеберлікке ұмтылуға адалдықты білдіретін күн.

Қазақстанның гандбол спорт федерациялары қауымдастығы барлық спортшыларды, жаттықтырушыларды, жанкүйерлерді және олимпиадалық қозғалысты қолдаушыларды құттықтайды!

Олимпиадалық идеялар жаңа белестерді бағындыруға шабыт беріп, спорттың дамуына және халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға жол ашсын!

Келесі жазба
Нәтижелер кестесі 22.06.2025
Алдыңғы жазба
Қазақстан Республикасы әйелдер командалары арасындағы гандболдан чемпионат басталды!