Қосымша аттестация өткізу туралы хабарлама

Қазақстандық гандбол спорт федерациялары қауымдастығы 2025 жылғы 23 маусым күні сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін онлайн форматта қосымша аттестация өткізілетінін хабарлайды.
Аттестация ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 19 қарашадағы №100 бұйрығына («Жаттықтырушыларды, жаттықтырушы-оқытушыларды және спорт төрешілерін аттестаттау қағидаларын бекіту туралы») сәйкес және Қауымдастықтың жаттықтырушылық-әдістемелік комиссиясының жоспарлы жұмысы аясында ұйымдастырылады.
Аттестацияға қатысу үшін келесі құжаттарды ұсыну қажет:
Өтініш
— Аттестациялық комиссия төрағасының атына еркін түрде немесе белгіленген үлгіде жазылады.
Жеке куәліктің көшірмесі
— Жеке басын және азаматтығын растау үшін.
Жоғары білім туралы диплом көшірмесі
— Бейінді жоғары білімді (спорттық, педагогикалық және т.б.) растайтын құжат.
Біліктілік куәліктерінің көшірмелері (бар болса)
— Бұрынғы біліктілік, санат, лицензияларға қатысты құжаттар.
Жұмыс орнынан анықтама
— Мамандығы бойынша кемінде 3–5 жылдық жұмыс өтілін растайтын құжат.
Сипаттама-мекеме басшысынан ұсыныс хат
— Жаттықтырушы немесе төреші жұмыс істейтін мекеме басшысынан.
Портфолио (бар болса)
— Кәсіби біліктілік пен жетістіктерді растайтын құжаттар:
• дипломдар, мадақтамалар, сертификаттар;
• төрелік еткен немесе қатысқан жарыстар хаттамалары;
• пікірлер, алғыс хаттар және т.б.
3х4 фотосурет — 1 дана
Төлем жасағанын растайтын түбіртек
— Аттестациялық жарна: 5000 теңге
— Қауымдастықтың реквизиттеріне төленеді.
Барлық жоғарыда көрсетілген құжаттарды 2025 жылғы 23 маусым күні сағат 10:00-ге дейін федерацияның электрондық поштасына жолдау қажет: info@kz-handball.kz
Қосымша хабарлаймыз: гандбол саласындағы мамандарды жүйелі түрде даярлау және біліктілігін арттыру мақсатында жаттықтырушыларды, жаттықтырушы-оқытушыларды және спорт төрешілерін аттестаттау әр тоқсанның үшінші айында (қыркүйек, желтоқсан) тұрақты түрде өткізіліп отырады.
📌 Аттестацияның нақты күндері мен өткізу форматы (онлайн немесе офлайн) Қазақстан гандбол федерациясының ресми сайтында және әлеуметтік желілердегі парақшаларында алдын ала жарияланады.
Федерацияның ресми сайтындағы және әлеуметтік желілердегі жаңалықтарды қадағалап отыруларыңызды сұраймыз. Барлық өтініш формалары, кестелер және толық нұсқаулықтар алдын ала жарияланады.

Келесі жазба
Павлодар облысының ерлер құрамасын Қазақстан Республикасының VI Жастар спорттық ойындарындағы жеңісімен құттықтаймыз!
Алдыңғы жазба
VI Қазақстан Республикасы жастар арасындағы ерлер командалары арасындағы спорттық ойындар