Ұлттық допингке қарсы орталықпен ынтымақтастық туралы меморандум

«Гандбол спорт федерацияларының Қазақстандық қауымдастығы» мен Ұлттық допингке қарсы орталық ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Құжатқа Ұлттық допингке қарсы орталықтың директоры Бақашева Майра Қабылқанқызы мен Гандбол қауымдастығының президенті Турлыханова Гүлнара Исмағұлқызы қол қойды.

Ынтымақтастықтың мақсаты – гандболшылар мен жаттықтырушылар арасында «таза» спорт мәдениетін насихаттау бойынша бірлескен жұмыс жүргізу. Негізгі назар – ағартушылық, алдын алу шаралары және біздің спорт түрімізде допингке қарсы қағидаларды нығайту.

Меморандум аясында білім беру іс-шараларын, семинарлар мен кездесулер ұйымдастыру жоспарланып отыр, онда допингке қарсы қозғалыстың маңызды мәселелері талқыланады.

Біз бірге салауатты және адал спорт болашағын құрамыз!

Келесі жазба
16 мамырда спорттық құқық бойынша семинар өтті
Алдыңғы жазба
АТҚАРУ КОМИТЕТІНІҢ ШЕШІМІ 2025 жылғы 15 мамыр