Гандболдан әйелдер командалары арасындағы Қазақстан чемпионатының XXXIII маусымы — Суперлига I турының басталуы

15 мамыр күні сағат 12:00-де Алматы облысында әйелдер командалары арасындағы Қазақстан чемпионатының XXXIII маусымының Суперлига I турының салтанатты ашылуы өтті.

Алаңда «Қайсар-КГУ» (Қызылорда), «Астана», «Алтай Восток», Шымкенттік СКИВ, «Тұран» және «Алатау» командалары кездесті.

Ашылу салтанатына Қазақстан Гандбол Спорт Федерациялары Қауымдастығының президенті — Гүлнар Исмагұлқызы Түрлыханова, вице-президенттер мен жетекшілер:
Исаева Жібек Серікқызы,
Аманжол Нұрманұлы,
Дәулетбаев Мәлік Нұржақыпұлы,
Серкенов Қанат Бақытұлы қатысты.

Құрметті жаттықтырушы Л. Н. Яниев және федерация өкілдерімен бірге жаңа спорт маусымына ресми бастау берілді.

Алда — тартысты ойындар мен керемет эмоциялар!

Келесі жазба
АТҚАРУ КОМИТЕТІНІҢ ШЕШІМІ 2025 жылғы 15 мамыр
Алдыңғы жазба
Құрылтайшылардың жалпы жиналысы