Құрметті спортшылар, жаттықтырушылар, жанкүйерлер және спорт саласына үлес қосып жүрген барша жандар!
Қазақстан гандбол федерациясы атынан және өз атымнан баршаңызды Қазақстандық спорт күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл күн – елімізде спорттың дамуына елеулі үлес қосып жүрген барлық азаматтарға көрсетілген құрмет белгісі. Қазақстандық спортшылар өз жетістіктерімен тек өздерінің ғана емес, бүкіл елдің абыройын асқақтатып, өз еңбегімен және қайсарлығымен үлкен жеңістерге жетуге болатынын дәлелдейді.
Спорт – бұл тек жарыстар мен рекордтар ғана емес, бұл – мінез, тәртіп және рух күші мектебі. Ол адамдарды біріктіріп, өзіне деген сенімділікті арттырып, өзін-өзі жетілдіруге ұмтылдырады.
Қазақстан гандбол федерациясы спортшыларымыздың дамуына үлес қосуды жалғастырады және салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған бастамаларды қолдауды өз міндеті деп біледі.
Баршаңызға жаңа жеңістер, жаттықтырушыларға дарынды шәкірттер, ал жанкүйерлерге жарқын эмоциялар тілеймін! Қазақстан спорты өркендеп, спортшыларымыз жаңа белестерді бағындыра берсін!
Құрметпен,
Қазақстан гандбол федерациясының президенті
Турлыханова Гүлнара Исмағұлқызы