Астана күнімен құттықтау

Құрметті қазақстандықтар!

Қазақстан гандбол федерациясы атынан және өз атымнан сіздерді Астана күнімен құттықтаймын!

6 шілде – еліміз үшін ерекше күн. Нұр-Сұлтан (Астана) – Қазақстанның тәуелсіздігі мен қарқынды дамуының символы. Бұл қала – халқымыздың армандары мен мақсаттарының көрінісі, елдің бірлігі мен болашаққа деген сенімінің белгісі.

Бүгінде елордамыз саяси және экономикалық орталық қана емес, сонымен қатар спорт, мәдениет және ғылым салаларында жаңа идеялар мен жетістіктердің мекені. Біз Қазақстанның қарқынды дамып, халықаралық аренада беделін нығайтып келе жатқанына мақтанамыз.

Баршаңызға бақыт, амандық, зор денсаулық және жаңа жетістіктер тілеймін! Отанымыз гүлдене берсін, әрқайсымыз оның өркендеуіне өз үлесімізді қоса берейік!

Құрметпен,
Қазақстан гандбол федерациясының президенті
Турлыханова Гүлнара Исмағұлқызы

Келесі жазба
Қазақстандық спорт күнімен құттықтау
Алдыңғы жазба
Халықаралық Олимпиада күнімен құттықтау