Құрметті қазақстандықтар!
Қазақстан гандбол федерациясы атынан және өз атымнан сіздерді Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын!
9 мамыр – бұл ерлік пен батырлықтың, ұлт бірлігі мен рухани күштің символы. Бұл күні біз Отанымыздың бостандығы мен тәуелсіздігі үшін аянбай күрескен ардагерлерімізге құрмет көрсетеміз. Олардың өшпес ерлігі мен қайсарлығы әрдайым жүрегімізде сақталады.
Біз майданда шайқасқан, тылда еңбек еткен, соғыстан кейін елді қалпына келтірген жандарды әрдайым есте сақтауымыз керек. Олардың ерлігі бізге күш-жігер беріп, жаңа жетістіктерге жетуге шабыттандырады.
Баршаңызға ашық аспан, зор денсаулық, мол бақыт және амандық тілеймін! Еліміз әрқашан бейбітшілік пен келісімде өмір сүрсін!
Құрметпен,
Қазақстан гандбол федерациясының президенті
Турлыханова Гүлнара Исмағұлқызы