Құрметті қазақстандықтар!
Сіздерді 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл мереке – әрбір қазақстандық үшін батылдық пен ерліктің, патриотизм мен ұлттық рухтың символы. Отанымызды қорғау – әрбір азаматтың қасиетті борышы. Біздің еліміздің қауіпсіздігі мен болашағы осы борышты абыроймен атқарып жүрген батырлардың қолында.
Спортта, оның ішінде гандболда да біз қайсарлықты, тәртіпті және командада жұмыс істеу қабілетін жоғары бағалаймыз. Бұл қасиеттер әрбір нағыз қорғаушының бойында болуы керек.
Баршаңызға мықты денсаулық, амандық және ел игілігі үшін жаңа жеңістер тілеймін! Отанымыз әрдайым тыныштықта және гүлденуде болсын!
Ізгі ниетпен,
Қазақстан гандбол федерациясының президенті
Турлыханова Гүлнара Исмағұлқызы