Қазақстан әйелдер арасындағы гандболдан Азия чемпионатын Қытайға қарсы жеңіспен бастады

Қазақстанның әйелдер құрамасы Нью-Делиде (Үндістан) өтіп жатқан Азия чемпионатындағы алғашқы матчын өткізді, деп хабарлайды Olympic.kz.

Біздің команда топтық кезеңді Қытайға қарсы ойынмен бастады. Кездесу қазақстандықтардың 28:26 есебімен жеңісімен аяқталды.

Айта кетейік, Қазақстан А тобында өнер көрсетеді, бұл топқа сондай-ақ Қытай, Сингапур және Оңтүстік Корея командалары кіреді.

Келесі матчта спортшыларымыз кореялық командаға қарсы ойнайды. Ойын 4 желтоқсанда өтеді.

Келесі жазба
Гандболдан әйелдер арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан екінші кездесуінде жеңілді
Алдыңғы жазба
ҚЫТАЙ vs ҚАЗАҚСТАН | 1-МАТЧ | А ТОБЫ | ӘЙЕЛДЕР АРАСЫНДАҒЫ 20-АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫ