Қазақстан құрамасы гандболдан 20 жасқа дейінгі Азия чемпионатында алтыншы орын алды

Ливанның Бейрут қаласында 20 жасқа дейінгі әйелдер командалары арасындағы 15-ші Азия чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Бесінші орын үшін өткен матчта Қазақстан құрамасы Тайбэй командасымен кездесті. Негізгі уақыт 30:30 есебімен тең аяқталды, сондықтан жеңімпазды анықтау үшін пенальти сериясы қажет болды. Серияда Тайбэй командасы жеңіске жетті.

Ойын 33:34 есебімен аяқталды. Осылайша, Қазақстан құрамасы чемпионаттың қорытындысы бойынша алтыншы орынға тұрақтады.

Азия чемпионатының алтын жүлдесін Оңтүстік Корея құрамасы жеңіп алды, күміс медаль Жапонияға бұйырды. Ал үздік үштікті Қытай құрамасы түйіндеді.

Келесі жазба
Қазақстандық гандболшы қыздар 2019 жылғы Азия чемпионатының алғашқы матчында жеңіліс тапты
Алдыңғы жазба
Гандболдан 20 жасқа дейінгі Азия чемпионаты: Қазақстан құрамасының нәтижелері