20-22 наурыз аралығында Черногорияның Подгорица қаласында әйелдер командалары арасында гандболдан іріктеу турнирі өтеді. Қазақстандық гандболшылар үшінші топқа түсті, деп хабарлайды Olympic.kz.
Қазақстан құрамасы үшінші топта Норвегия, Черногория және Румыния құрамаларымен бақ сынайды. Үш топтың ішінен үздік екі команда Токио Олимпиадасына жолдама алады.
Іріктеу турнирінің матчтар кестесі:
20 наурыз – Қазақстан құрамасы Румыниямен кездеседі.
21 наурыз – Қазақстан Черногорияға қарсы ойнайды.
22 наурыз – Қазақстан құрамасы Норвегиямен матч өткізеді.