Гандболдан әлем чемпионаты: Қазақстан құрамасы Кубаға жол берді.

Қазақстан құрамасы әйелдер арасындағы гандболдан әлем чемпионатындағы өнерін аяқтады, деп хабарлайды Olympic.kz.

21-24 орындар үшін өткен матчта қазақстандық гандболшылар Куба құрамасына жол берді. Кездесу пенальти сериясына ұласып, онда Куба командасы екі гол соғып, Қазақстан құрамасы да екі рет дәл көздегенімен, жеңіс қарсыластарға бұйырды.

Осылайша, әлем чемпионатының қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 22-орынға тұрақтады.

Келесі жазба
Қазақстандық гандболшы қыздар Подгорицада Олимпиада жолдамалары үшін күреседі.
Алдыңғы жазба
Гандболдан әлем чемпионаты: Қазақстан Қытайдан жеңісті жұлып алды.