Қазақстан гандболдан әлем чемпионатында үшінші жеңілісіне ұшырады.

Жапонияда әйелдер құрамалары арасындағы гандболдан әлем чемпионаты жалғасуда. Бүгін, 3 желтоқсанда, Қазақстан құрамасы топтық кезең аясындағы үшінші матчын өткізді, деп хабарлайды Olympic.kz.

Бұл жолы қазақстандық спортшылар Румыния құрамасымен кездесіп, 20:22 есебімен жеңіліске ұшырады. Осылайша, Қазақстан үш ойынның үшеуінде де жеңіліп қалды. Бұған дейін құрамамыз Венгрия мен Черногорияға жол берген болатын.

Келесі матч ертең, 4 желтоқсанда өтеді.

Келесі жазба
Гандболдан әлем чемпионаты: Қазақстан Испанияға жол берді.
Алдыңғы жазба
Гандболдан әлем чемпионаты: Қазақстан келесі матчты Румынияға қарсы өткізеді.