Жапонияда әйелдер арасындағы гандболдан әлем чемпионаты жалғасуда. Келесі матчты Қазақстан құрамасы 3 желтоқсанда өткізеді, деп хабарлайды Olympic.kz.
Қазіргі уақытта әлем чемпионатының топтық кезеңі өтуде. Екі матчтан кейін Қазақстан құрамасы С тобының турнир кестесінде соңғы орында тұр, екі жеңіліске ұшырады.
Испания мен Черногория екі жеңіске жетіп, топтың көшін бастап келеді.
Ертең, 3 желтоқсанда, қазақстандық спортшылар Румыния құрамасына қарсы ойнайды.