Жапонияда әйелдер арасындағы гандболдан әлем чемпионаты жалғасуда. Топтық кезеңдегі матчта Қазақстан құрамасы жеңіліс тапты, деп хабарлайды Olympic.kz.
Бүгін, 30 қарашада өткен ойында қазақстандық спортшылар Венгрия құрамасына қарсы алаңға шықты.
Қарсыластар прессинг тактикасын қолданып, бірнеше нәтижелі шабуыл жасады. Нәтижесінде ойын Қазақстанның 15:39 есебімен жеңілісімен аяқталды.