Әйелдер гандболынан Олимпиадаға іріктеу: Қазақстан Ресейге жол берді.

Венгрияның Дьёр қаласында әйелдер гандболынан Олимпиадаға іріктеу турнирі жалғасуда. Қазақстан құрамасы екінші рет жеңіліске ұшырады, деп хабарлайды Olympic.kz.

Екінші матчта қазақстандық спортшылар Ресей құрамасымен кездесіп, 26:33 есебімен қарсыластарына жол берді.

Айта кетейік, алғашқы ойында Қазақстан Венгриядан жеңілген болатын.

Осылайша, турнир аяқталуға бір тур қалғанда, Олимпиадаға берілетін екі жолдаманы Ресей мен Венгрия иеленді. Олар екі кездесуде жеңіске жетті. Сербия мен Қазақстан әлі жеңіске жете алған жоқ.

Келесі жазба
Гандболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Олимпиадалық іріктеу турнирінде финалдық кездесуін өткізді
Алдыңғы жазба
Қазақстанның гандбол құрамасы Токио Олимпиадасына іріктеу турнирін бастады.