Венгрияда әйелдер гандболынан Олимпиадаға іріктеу турнирі басталды, деп хабарлайды Olympic.kz.
Токио Олимпиадасына жолдама Дьёр қаласында сарапқа салынады.
Бұл жарысқа Қазақстан құрамасы да қатысуда.
Алғашқы матчта қазақстандық гандболшылар Венгрия құрамасына қарсы ойнады. Кездесу венгриялықтардың жеңісімен аяқталып, есеп 46:19 болды.