Алматыда Қазақстанның әйелдер гандбол құрамасының оқу-жаттығу жиындары басталды, деп хабарлайды Olympic.kz.
Жаттығу жиыны 3 қарашада басталды. ОЖЖ-ға 13 спортшы шақырылды.
Команда ең алдымен жалпы физикалық дайындыққа көңіл бөлмек. Жаттығу жиындары 21 қарашаға дейін жалғасады.
Айта кету керек, жиындар барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып өтуде. Оған бапкерлерден бөлек, дәрігер мен массажист те қатысуда.