Азия гандбол федерациясы әйелдер арасындағы Азияның іріктеу чемпионатын 2021 жылға ауыстырғанын растады, деп хабарлайды Olympic.kz.
Құрлық біріншілігі 2021 жылы Испанияда өтетін әлем чемпионатына іріктеу кезеңі болмақ.
Қазіргі таңда Азия чемпионатының 2021 жылдың сәуір айында өтетіні белгілі. Нақты мерзімі кейінірек жарияланады.