Дьер қаласында (Венгрия) гандболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Олимпиадаға іріктеу турнирі аясында соңғы кездесуін өткізді, деп хабарлайды Olympic.kz.
Біздің спортшылар Сербиядан келген қарсыластарына қарсы ойнады. Қазақстандық гандболшылар 30:42 есебімен жеңіліске ұшырады.
Осылайша команда үш кездесуде жеңіліс тапты. Бұған дейін Ресей және Венгрия құрамаларымен өткен матчтарда жеңіліп қалған.
Жарыс қорытындысы бойынша лицензияларды ресейлік және венгриялық әйелдер жеңіп алғанын қосамыз.