Гандболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Нью-Делиде (Үндістан) өтіп жатқан Азия чемпионатының топтық кезеңінде екінші кездесуін өткізді, деп хабарлайды Olympic.kz.
Біздің спортшылар Оңтүстік Кореямен кездесті. Ойын 30-20 есебімен қарсыластардың жеңісімен аяқталды.
Айта кетейік, қазақстандық құрама алғашқы ойында Қытайды ұтқан болатын.
Біздің құрама Қытай, Оңтүстік Корея және Сингапур құрамалары бар А тобында өнер көрсетеді. Плей-офф кезеңіне екі команда шығады.