Қазір Испанияда гандболдан әлем чемпионаты өтіп жатыр. Қазақстандық гандболшылар әлем чемпионаты аясында тағы бір кездесу өткізді, деп хабарлайды Olympic.kz.
Негізгі айналымның соңғы кездесуінде қазақстандықтар Пуэрто-Рико құрамасымен кездесті. Командалар арасындағы кездесу 30:27 (13:11, 17:16) есебімен Пуэрто-Рико гандболшыларының пайдасына аяқталды.